• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2011

Жоғары партия мектебі

492 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» миссиясын орындаудағы жол сілтеуші Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП XIIІ съезінде: «Партия кадрларының көшбасшылық қасиеттерін және кәсібилігін үне­мі арттыру үшін партия саяси оқу желісін күшейту маңызды», деген болатын. Осыған орай Алматыда Оңтүстік аймақтық Жоғары партия мектебінің алғашқы тыңдау­шыларының «Партияның сай­лауал­ды жұмысын тиімді ұйым­дастыру пішіндері мен әдістері» тақырыбында семинар өтті. Семинарда «Нұр Отан» ХДП Алма­ты қалалық бөлімі төрағасының орынбасары Серік Бейсеков бүгінгі таңдағы партияның алға қойып отырған міндеттері азамат­тық қоғам құрудағы демокра­тиялық партия басшыларының іскерлік қабілеті мен саяси қыз­метін арттыру жөнінде «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі бағдарламасын орындаудағы алда атқарылатын зор жауапты істерге тоқталды. Оңтүстік аймақтың әр жерінен келген 25 партия жетекшілері жиналған семинарға «Нұр Отан» ХДП жоғары партия оқу орта­лығының директоры, экономика ғылымдарының докторы профессор Раушан Сатова басшылық жасады. Семинарда елімізге белгілі атақты ғалымдар дәріс оқы­ды. «Тұрақтылық пен ауыспа­лылық – сайлау алдындағы саяси партиялардың маңызды дәлелі» деген тақырыпта Абылай хан атындағы Халықаралық байла­ныс­тар мен әлем тілдері уни­верситетінің проректоры, Саяси ғылымдар академиясының академигі Сағади Бөлекбаев сайлау нау­қанындағы тұрақтылық алда­ғы игі істерге жаңаша серпін беретініне тоқталды. Тұңғыш Президент қорының Дүниежүзілік эко­номика институтының дирек­торы Сұлтан Әкімбековтің «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент сай­лауына қатысуы туралы» деп аталған баяндамасы тыңдалды. Алдағы сайлауда «Нұр Отан» партиясына бәсекелес партиялар­дың қажет екендігі демократия­лық заңдылық болып табылатыны атап көрсетілді. «Сайлау не үшін маңызды» тақырыбы бойынша Юрий Бұлықтаев өз ойын ортаға салды. Басқа да бірқатар адамдар сөйледі. Семинардың соңғы күні әр аймақтан келген партия жетекшілері өз өңірлерінде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы дайын­даған материал-слайдтарын, ин­новациялық жобаларын аттестаттау комиссиясында қорғады және оқылған баяндамалар бойынша барлық 25 тыңдаушы сынақ-тест тапсырды. Соңында аттестаттау комиссиясы барлық тың­даушы­ларға сертификаттар мен төс­белгілер табыс етті. Партияның алда атқарар жұ­мыстары айқындалып, нақты тап­сырмалар берілді. Әлімғазы ЕСЖАНОВ, Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Сөгеті ауылы.