Біз Павлодар облысы, Май ауданы, Ақжар деген ауылдан сіздерге хат жолдап отырмыз. Ауылымыз ауданнан шалғайда орналасса да тыныс-тіршілігіміз жақсы, балалар оқып, ауыл тұрғындары көрші қалада жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүр.
Енді негізгі айтпағымызға көшейік. Осыдан бірер жылдай бұрын ауыл кәсіпкері мешіт құрылысын бастаған еді. Ел қуанышында шек болмай, ашылуын тосып күндер санап жүрдік. Бірақ сол кәсіпкердің ісі оңға аспай, мешіт жартылай құрылысына келгенде тоқтап, қаңырап бос қалды. Осы мешіттің құрылысын аяқтап, пайдалануға берілуіне көмектесетін адамдар табылып жатса, алғысымыз шексіз болар еді.
Рамазан айы енді басталғанда шапағатты іске қамқор болатын елгезек, мейірімді, іскер жандар табылатынына сенімдіміз.
Ауыл ақсақалдары Қ.Серимов, К.Әбенов, Д.Бисмилдин.
Павлодар облысы,
Май ауданы.