• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2011

Көңіл көңілден су ішеді

417 рет
көрсетілді

Қазақ ақпараттық кеңістігі тағы бір газетпен толықты. 1959 жылдан бері әрбір қазақ отбасының төрінен табылып, соң­ғы бір жарым жыл ішінде әр­түрлі жағ­дайға байланысты жа­былуға мәж­­бүр болған «Sport» газеті орыс тілінде шығатын «Спорт» аптал­ы­ғымен бірге қай­та шыға бастады. Қос газеттің ди­ректор – бас ре­дак­торы белгілі қаламгер, Қазақ­стан Республи­касына еңбек сіңір­ген қайраткер Несіп Жүніс­байұлы. Газет аптасына бір рет, сейсенбі күні Астана қаласында шы­ға­ды. Қазақ және орыс тілді га­зет­тердің әрқайсысы 8 беттен тұ­рады. Газет­тің тырнақалды нө­мі­рінде қызық­ты да тартымды дү­ниелердің және оларға сай берілген әдемі сурет­тер­дің шық­қа­нын атап өтуге бола­ды. Басы­лымның бірінші бетінде «Спорт» газетін 1959 жылы тұң­ғыш шы­ғару­шы­лар­дың бірі Сайын Тұрсынов, грек-рим күресі­нен Олимпиада чем­­пионы Жақсы­лық Үшкем­піров­­тің газет ұжымына шы­ғар­машы­лық табыс тілеген сү­йін­ші лебіздері берілсе, одан кейін «Таң қал­дыр­ған «Тур де Франс», «Қазақ спор­ты­ның тұлғалары» ай­дарымен «Тау­соғар», «Шиыр­шық атқан Шү­менов... тағы бір қарсы­ла­сына таяқ жегізді», «Ел спорты­ның ертеңі...» айдарымен «Абай­ды оқи­тын ару қыз», Олим­пиадаға арнал­ған «То­ғыз жолдама қолда. Өзгесі ойда...», «Алания»... алаң боп қал­ды» атты дүниелер жа­рия­­­ланған. Сонымен бірге «Бокс», «Қазақ күресі», «Футбол» айдарла­ры­мен басқа да қызықты материал­дарды оқуға болады.