• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2011

Далалық лагерь шағын қалашыққа ұқсайды

633 рет
көрсетілді

30 тамыз – Қазақстан Рес­публикасының Конститу­ция­сы күні Астанадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы Бас алаңда әскери шеру өтеді. Шеру ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы мен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституция­сының 16 жылдығына арнал­ған. Оған қаты­су­ға қазірдің өзінде елордаға барлық гарнизондардан, Қарулы Күштердің өңірлік қолбас­шы­лықтарынан сарбаздар мен сардарлар келді. Шеруге қатысатын әскери қызметші­лерді уақытша шо­ғыр­ландыру үшін 40-шы разъез­дегі 68665 әскери бөлімнің жа­нынан далалық лагерь жасақ­та­лып, әскерилер осын­да қо­ныс­танды. Ал дайындық шара­лары күн сайын өткізіліп жа­тыр. Далалық лагерьде әскери қызметшілер үшін барлық жағ­дай жасалған. Шатырлы қала­шық қажетті инфрақұ­ры­лым­мен қамтамасыз етілген. Жауынгерлер үшін далалық асхана жабдықталып, үш мезгіл тамақтандыру жағы ұйымдас­тырылған. Медициналық бекеттер мен монша да жұмыс істеп тұр. Сырттай қараған­да, 170-тен астам шатырдан тұратын далалық лагерь ша­ғын қалаға ұқсайды. Конституция күні елорда тұрғындары мен қонақтарына төл әскеріміздегі қару-жа­рақ­тар мен жауынгерлік техника­лардың сан түрі көрсетілетін болады. Сондай-ақ Астана ас­па­нында әскери ұшақтар жо­ғары пило­таж­ды іс-қимылдар жасайды. Биылғы әс­ке­ри шеру­дің кең ауқымды әрі қызықты өте­ті­ніне әскерилер сенімді. Өйткені, бұл іс-шара ел Тәуел­сіздігінің жетістіктерін паш етеді.               «Егемен-ақпарат». Суреттерді түсірген Ермек САРБАСОВ.