• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2011

Мерекелер құрметіне арналған сайыс

402 рет
көрсетілді

Жуырда шахматтан ел тәу­ел­сіздігі мен Елбасы Жарлығымен Семей атом полигонының жа­был­ғанына 20 жыл толуына жә­не Астана күніне арналған сай­ыс өз мәресіне келіп жетті. Тар­тысты өткен бұл спорт мерекесіне «Невада – Семей»  ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалысы, Семейдегі үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы және Курчатов қаласындағы Яд­ролық технологиялар паркі АҚ мұ­рын­дық болды. Жарысқа қатысушыларға Премьер-Министрдің орын­ба­са­ры, Қазақстан Шахмат феде­ра­циясының президенті Әсет Исекешев пен «Невада – Семей»  яд­ролық сынақтарға қар­сы ха­лық­аралық қозғалысының президенті, ақын Олжас Сү­лей­ме­новтің атынан келіп түскен құт­тықтау хатын аталған қоз­ғ­а­лыс­тың вице-президенті Сұл­тан Кар­тоев оқып берді. Шахматтан өткен біріншілікті алғашқы жү­рісті жасап, ашу құр­меті «Ядро­лық технология­лық паркі» акционерлік қоға­мы­ның президенті Абзал Құ­сайынов пен Абайдың жиені, республикалық Абай қо­рының президенті Балтабек Ер­сәлім­ұлы­на ұсынылды. Қаладағы шахмат клубында өткен осындай мерекелік жа­рыс­­қа жастары 8 бен 80 ара­лы­ғындағы қырыққа жуық белді ойыншылар қатысты. Олар­дың арасында әлем біріншілігіне қа­тысқан Сергей Смотров сынды белгілі шахматшы мен 10 спорт шеберлігіне кандидат­тың болуы көп нәрсені аңғартса керек. Бірнеше күнге созылған тартысты ойын нәтижесінде лай­ықты же­ңімпаздар анықта­лып, сый-сия­патқа бөленді. Қос жиырма жылдық мереке тақай түскен сайын Семейде осындай мазмұндағы сайыстар мен жарыстар жиі өткізілуде. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.