Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық комиссияның кезекті отырысында әлеуметтік әріптестік тараптардың және кәсіпкерлік нысандарының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысушыларды ұсыну жайы сөз болды.
Байқауға қатысуға 49 үміткер өтініш білдірген. Содан кейін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы мамандандырылған көлік басқармасындағы еңбек заңдылықтарының сақталуына байланысты мәселе қаралды. Бұл басқармаға балама ретінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» көлік компаниясы» ЖШС құрылған-ды. Отырыста жұмысшылардың құқықтары бұзылмауы керектігі, әр жұмысшы өздері қалаған мекемеде жұмыс істеуіне қысымшылық көрсетілмеу қажеттігі баса айтылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
Ақтөбе облысы.