• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2011

Үш жүз мыңыншы абонент

475 рет
көрсетілді

Халық өміріне заманауи тех­ни­калық құралдар берік ене бас­тады. Осыған байланысты алыс елді мекендердің өзінде тұрғын­дар телефон байланысын тиімді пайдаланып, интернетке де иек артып отыр. Мәселен, облысты 1 миллион 800 мың халық мекендесе, оларға 346 АТС (52 аналогтық, 294 сандық) станса қызмет көр­се­туде. Ал Алакөл ауданындағы 78 мың тұрғынға 43 АТС (18 сандық, 2 WLL CDMA 450, 23 Sky Edge Sky Star жерсерік стансалары) қызмет көрсетеді екен. Алакөлдік стансалардың 19-ы ауылдық жерлерде орналасса, осы қызмет тү­ріне кезекке тұрғандар әлі де бар. Осыдан екі ай бұрын Алакөл ауданы, Қабанбай батыр ауылы­ның тұрғындары Асхат пен Жұ­магүл Мұсабековтердің отбасы телефон орнатуға тапсырыс беріпті. Көп кешікпей «Қазақтелеком» АҚ фи­лиалы телекоммуникация желісіне үш жүз мыңыншы абонент ретінде тіркелген отбасын құттық­таған. Тіпті, облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас дирек­то­ры Жексенбай Мейрембаев пен аудан әкімі Әлібек Жа­қанбаев арна­йы келіп, базарлық­тарын жеткізді. – Бірнеше жыл бұрын байла­ныс желімізге жүз мыңыншы абонент қосылғанда қуандық. Міне, бүгін қатарымызға үш жүз мы­ңын­шы абонент қосылып отыр. Бұл еңбегіміздің жемісі, – деген Ж. Мейрембаев отбасына сұйық крис­талды теледидар, телефон бай­ланысы мен кеңжолақты интернетті және ІD TV-ді тегін орнату мүмкіндігіне ие сертификатты қоса тапсырды. Қабанбай ауылдық бөлімше­сі­нің электромеханигі Игілік Әкіш­тай бірден теледидарды қуат к­ө­зіне қосып, ІD TV-мен қалай жұ­мыс істеу керектігін көрсетті. Үй­дегі компьютерге интернет те қо­сылды. Орнатылған телефонмен Жұмагүл туыстарына хабарласып жатты. Отбасында үш бала тәрбие­ле­нуде. Мектепте оқитын балалары интернеттің қосылғанына риза. Ал кенжелері теледидардан «Балапан» бағдарламасын тамашалап мәз. Жұмагүл болса енді туған-туыстарымен хабарласуына, ба­ла­ла­рының интернет арқылы әлем­де­гі жаңалықтардан хабардар бо­луына мүмкіндік туғанын айтады. Қабанбайлықтар осылай қуан­ды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.