• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2011

Тұрмысты түзеудің тың тәсілі

299 рет
көрсетілді

Үкімет

«Егемен Қазақстанның» апталық қосымшасы 

Қазіргі таңда тәуелсіз ел ата­нып, іргесін бекіткен егемен еліміз күн сайын қарыштап дамып келеді. Экономикамыз да тұрақ­ты. Жаңа технологиялар өндірі­сі­мізге еніп келеді. Десек те, жұ­мыс­сыз­дық мәселесі қазіргі таң­да еліміз­дің алдында тұрған өзек­ті мәселе болып отыр. Кешегі әлем­дік эконо­микалық дағда­рыс­ты еңсердік дегенімізбен, қазақ елінің иығына түс­кен өзіндік ауырт­палығы бол­ға­ны да жасы­рын емес. Елімізде жұ­мыссыз адам­дар саны 2008 жы­лы 559 мың болса, 2010 жылы бұл көр­сет­кіш 6,9-5,5 пайызға жеткен болатын. Осыған қарап, еліміздің азаматтарын жұмыспен қамту басты толғандыратын мәселе екен­дігін айтуға болады. Міне, еліміздегі осындай жұ­мыс­сыздықтың салдарын жою мақ­сатында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2011 жыл­ғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қа­зақстан халқына Жолдауында ха­лықты жұмыспен қамтудың тү­бе­гейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеген болатын. Ел­ба­сы халыққа Жолдауында ел Үкі­меті алдында еңбек рыногы­ның тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналы­су­шы­ларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарла­ма­ларына тарту міндеттері тұрған­дығын ерекше атап өткен еді. Осыған сәйкес, Елбасының тап­сыр­масы бойынша елімізде «Жұ­мыспен қамту – 2020» бағ­дар­ламасы әзірленген болатын. Осы бағдарламаның жобасы ағым­­дағы жылдың 15 ақпанында Премьер-Министр К.Мәсімовтің жетекшілігімен өткен Үкімет оты­рысында мақұлданды. Бағ­дар­лама 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырыла бастады. Елімізде бұрын-соңды болма­ған бірегей жоба болып табыла­тын жаңа бағдарламаның мақса­ты – жұмыспен тұрақты және нә­тижелі қамтуға жәрдемдесу ар­қы­лы халықтың табысын арт­тыру болып отыр. Алдына өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз­дар­ды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағ­дарламаларына тарту, ин­дус­трия­ландыру бағдарламасын іске асы­ру үшін кадр әлеуетін дамыту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру секілді аса ма­ңыз­ды және ірі міндеттерді қой­ған мемлекеттік бағдарла­мамен 1,5 млн.-ға дейін адам жұмыспен қамтылатын болады. Мұны өз кезегінде тұңғыш рет жүзеге асып отырған бұл бағдарламаның жетістігі деуге болады. – Үш бағытта, үш кезең бо­йын­ша жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарлама белгіленген осы он жылдың ішінде елімізде мыңдаған тұрақты жұмыс орын­дары ашылып, мыңдаған адамдар жаңа жұмыс көзімен қамтамасыз етілетін болады, – дейді еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова. Гүлшара Наушақызының айтуын­ша, бұл әзірленген бағдарла­ма­ның бұрынғы дайындалған бағ­дар­ламалардан үлкен айырма­шы­лы­ғы бар. Мемлекеттің бұл жол­ғы жобасы кең қанат жайып, өз іс-шараларына, тұңғыш рет тек жұмыссыздарды ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтушы және аз қамтылған азаматтарды тартпақ. Қазіргі таңда Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жалпы еңбекпен қамтыл­ған­дардың 33,3 пайызын құрай­ды. Яғни 2,7 миллион адам нақты бекітілген еңбекақысыз, өз бетімен күн көруде. Сондықтан ұзақ мерзімді мемлекеттің бағдарла­ма­сы 8,2 пайыздық кедейліктің көлемін 6 пайызға дейін қысқар­ту­ды көздеп отыр. Ал жұмыссыз­дық деңгейі 5,5 пайыздан ас­пауын қадағалайды. Елімізде тұң­ғыш рет қолға алынып отырған жұмыссыздықпен күрестің ау­қым­ды жобасын іске асыру үшін өз кезегінде 40 млрд. теңге қарас­тырылған. Тағы бір айта кетерлігі, үнемі Үкіметтің қадаға­лауын­да болатын аталмыш жоба аясын­да ауыл жастарына да көп көңіл бөлінген. Өз алдына кең де ау­қы­мы зор міндеттер жүктеп, елімізде күннен күнге көбейіп келе жатқан түйткілді проблемаларды шешудің кілтіне айналып отыр­ған осынау бағдарлама қажет бол­­ған жағдайда инженерлік-ком­муни­ка­циялық инфрақұры­лым­­ды дамыту үшін жолдар, жы­лумен және сумен жабдықтау, телефон және электр желілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды салу сынды қосымша қолдау да көрсетеді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының негізгі бағыттары Бірінші бағыт – кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру. Екінші бағыт – ауылда кәсіптерін ашып, жұмыс істеп жатқандарға көмектесу. Үшінші бағыт – тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыру, егер ол елді мекенде жұмыс жоқ болса, болашағы бар деп саналатын басқа жерлерге көшіп-қонудың жолақысын төлей отырып, көшіру. Мұхтар ИБРАИМОВ.