• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2011

ЕҰУ ерледі

378 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің 20 мың жоғары оқу орын­дары арасында өткен рейтингте 4082-ші орынға ие болды. 2011 жылдың шілде айында өткізілген рейтингте Л.Н. Гу­ми­лев атындағы ЕҰУ Webometrics мәліметтері бойынша, еліміздегі жоо арасында мұндай орынға ие болған жалғыз университет. 4 601-ші позицияда Қазақстан менедж­­мент, экономика және болжау инсти­ту­ты болса, Е.Бөкетов ат­ын­дағы Қа­рағанды мемлекеттік университеті 4 897-ші орында. Webometrics университет сайт­тарының рейтингін «Laboratorio de Internet» атты испандық зерттеу тобы жүргізеді. Әлемнің 20 мыңнан астам жоо арасында өт­кен рейтингте университеттегі ға­­­ламтор желісіндегі ғылыми жа­рияланымдар, әр жоо ғалым­да­рының зерттеу еңбектері, олар­ға жасалған сілтеме ескеріледі. Уни­верситеттің ғылыми жә­не ғы­лыми-зерттеу жұмыстар­ы­ның нәтижесі жылына екі мәрте қаң­тар және шілде айларында жа­рия­ланып тұрады. Мәселен, 2010 жылдың шілдесінде өткізілген рейтинг қоры­тын­дысы бойынша Л.Н.Гумилев ат­ын­дағы ЕҰУ 7891-ші орында болса, тура жарты жыл өткен кезде, яғни 2011 жылдың қаңтарында 5 216-шы позицияға ие болған болатын. Сонымен Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ Қазақстандағы білім беру саласындағы көшбасшы еке­нін тағы бір мәрте дәлелдеді. QS World University Rankings рей­тингінің мәліметіне сай әл­емдегі ең үздік 500 университет қата­ры­нан көрініп қана қоймай, әлемнің 20 мың жоо арасында өткен рейтингте 12 мың позиция бойынша 4082-ші орынға ие болып, рейтинг қорытындысы жаңалан­ған сайын жоғары сатыға кө­те­ріліп келеді. Бұл – әлемдік ғы­лы­ми қауымдас­тық берген жоғары баға, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары еңбегінің жемісі, оқытушылар мен студенттер төккен тердің еленгені. «Егемен-ақпарат».