• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2011

Тәуелсіздікке тарту

406 рет
көрсетілді

Жақында ел Тәуеліздігінің 20 жылдығына арналған альпиниада мәресіне жетті. Елімізге еңбегі сіңген спорт ше­­бері, альпинист Дмитрий Муравьев бастаған топ Қазақстан хал­қының соңғы 20 жылдағы бірлігі мен ынтымақтастығын еліміздің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шы­ңы­на шығу арқылы көрсетуге ниет етіп сапарлап қайтты. Қазақстанда тату-тәтті өмір сү­ріп жатқан халықтардың бірлігін насихаттап, Хан Тәңірінің шыңына шығу идеясының авторлары – «Нұр Отан» ХДП ардагері Серік­қа­ли Мұ­қашев пен Қазақстан Рес­публикасы Альпинизм және құзға өрмелеу фе­дерациясының президенті Қазбек Уәлиев. Серікқали ағамыздың айту­ынша, еліміздің 20 жылдағы жетістігі өзге елдерге үл­гі боларлық нәр­се. Өйткені, осын­шама уақытта бас­қа елдерде дау-жанжал, әскери қақ­тығыстар бо­лып жатқанда тек Қа­зақстанда ға­на саяси тұрақтылық, халықтар арасында достық пен ын­тымақ­тас­тық сақталып отыр. Осы­ның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың саясатының арқасы. Оның ішкі және сыртқы саясаттағы ұс­таны­мын бүкіл әлем мойындады. Қазір тағдырдың жазуымен елімізде қо­ныстанған көптеген этностар Ел­басының саясатын бағалап, қазақ елін киелі шаңырақ деп біледі. Сондықтан еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығын насихаттаудың жаңа тәсілі ретінде Хан Тәңірінің шыңына саяхат жасау таңдап ал­ынды. Басында тауға сапар жасау жоспар бойынша бірнеше күнге созылуы керек еді. Бірақ, қар көш­кіні жобаны толығымен іске асы­руға кедергісін келтірді. Альпи­ниа­даға қатысқан 20 шақты отан­да­сымыз ақылдаса келіп, мұздақты қар басына шықпай-ақ қоюды жөн көрді. Саяхатшылар арасында өзге ұлт пен түрлі діндердің өкілдері болды. Олар альпиниадаға қатысу үшін қажетті дайындықтан өтті. Бі­рақ, қар көшкіні қаупі туғанда, олар бағыттың бірінші бөлігін аяқтап, шамамен 5 мың метр биіктікке көтерілді. Екінші күні де ос­ыншама межені бағындыру жос­пар­ланған болатын. Алайда Хан Тәңіріде жауған қар олардың бұл ойына кедергі келтірді. Сөйтіп, саяхатшылар ортақ мәмілеге келіп, тауға әрі қарай шығуды тоқтатты. Саяхатшылар тобының жетекшісі болған Дмитрий Муравьев туралы айтсақ, оның есімі альпинистер арасында кеңінен танымал. Ол 1995 жылы әлемдегі ең биік нүк­те, теңіз деңгейінен 8 848 метр жоғары тұрған Эверест шыңын бағындырған альпинист. Ал Хан Тәңіріне ол бес рет шыққан. Хан Тәңірі шыңының теңіз деңгейінен биіктігі 7 010 метр.