• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2011

Тоғызқұмалақтан турнир

532 рет
көрсетілді

Жуырда Швайнфурт қаласында елімізден Германияға кө­шіп барған бір топ азаматтардың ұйымдастыруымен то­ғызқұмалақтан ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған турнир болып өтті. Турнирді ұйымдас­тырушы­лар­дың бірі қазір Германияда тұратын Юрий Нольд деген азамат болды. Ол былтыр Астанада тұңғыш рет тоғызқұмалақтан өткен әлем чем­пионатына қатысып, осы күндері Еуропада ұлттық ойынымыздың насихатталуына көп еңбек етіп келеді. Турнирдің ашылу салта­на­тын­да Қазақстан елшілігінің өкіл­де­рі тоғызқұмалақтың шығу тари­хы туралы кеңірек әңгімеледі. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғы­на арналған турнир одан әрі жал­ғасатын болады. Германиядағы Қа­зақстан елшілігі Берлин қала­сын­да осынау ұлттық ойыны­мыз­дан тағы да турнир ұйым­дас­ты­ру­ды мақсат етіп отыр. Дастан КЕНЖАЛИН.