• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2011

Қарағанды өңірінде болды

352 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Жәнібек Кәрібжанов  депутаттар Алияр Жараспаев пен Мұхтар Тінікеев жұмыс сапарымен Қара­ғанды облысында болып қайтты. Парламентшілер Костенко атын­дағы шахта лавасына түсіп, көмір өндіру үдерісімен танысты. Шахтерлермен әңгіме кезінде техни­калық қауіпсіздік жағдайы, регресниктер туралы қолданыстағы заңнамалардың орындалуы жай­лы сөз қозғалды. Жезқазғанда болу кезінде «Қа­зақмыс корпороциясы» ЖШC-ның мыс қорыту зауытын аралап көрді. Депутаттар кәсіп­орын­ның қаланың әлеуметтік инфра­құ­рылымын дамытудағы қол­да­уы­на ризалық білдірді. Со­нымен қатар, орталық қалалық ау­ру­ха­нада, жа­қында жаңғыр­тыл­ған Ме­таллург­тер алаңында да болды.  Депу­тат­тардың аймақпен таны­суы Ұлы­тау ауданында жал­ға­сып, онда диқандармен кездесті. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.