• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2011

Мемлекеттік қызметтегі жаңа модель

522 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді. Онда мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды жетілдіру мақсатында «е-қызмет» жүйесін енгізу ісі жоспар­лан­ғаны сөз бо­лып, оның жаңа моделінің тұжырымдамасы жайлы әңгіме қозғалды. Дүниежүзілік банк 2000 жыл­дар­дың басында Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері ара­сын­да мемлекеттік қызмет сала­сын­дағы рефор­ма­лардың көш­бас­шысы деп таныған болатын. Бұ­рын­ғы кеңестік кеңістікте ал­ғаш рет мемлекеттік қызметке кон­курс­тық іріктеу енгізіліп, мем­лекеттік лауазымдар саяси және әкімшілік бо­лып екіге бөлініп, мемлекеттік қыз­мет­керлерді кә­сі­билендіру жө­нін­дегі шаралар іске асырылған еді. Ал бү­гін­гі күні мемлекеттік қыз­мет­тегі кон­курстық тестілеу мен іріктеу объек­тив­тілігінің және ашық­ты­ғының жеткіліксіздігі, лауазым­дық жоғарылату ке­зінде меритократия қағидатының сақ­т­алмауы, қызмет сапасын бағалау мен қыз­метке ақы төлеу деңгейінің өзара байланы­сы­ның болмауы, сыбай­лас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл те­тік­терінің әлсіздігі бай­қалуда. Сон­дық­тан, бұл мәселе­лер­дің алдын алу үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасын қабыл­дау қажет­тігі туындап отыр. Тұжырымдаманы іске асыру­дың нысаналы индикаторларын­да жоға­ры­да аталған барлық мә­селелер қарас­тырылған. Со­ны­мен бірге, жа­ңа кор­пус­тық вертикальді қалып­тастыру жа­ң­а­лық­тары енгізіліпті. Және кон­курс­тық іріктеудің ашық­ты­ғы мен объек­тивтілігінің аса жоғары дең­гейін қам­тамасыз етуге бағыттал­ған бірқатар шаралар көзделіп отыр екен. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың кон­курс­тық комиссияларының құра­мына сырт­қы сарапшыларды қосу, комиссия мүшелерінің жауапкершіліктерін белгілеу, әңгімелесу рәсімінің ашық­тығын қамтамасыз етіп, БАҚ, қоғамдық бірлестіктер өкіл­дерін ша­қыру, аудио және бейне­бақылаулар кірістіру ісі ескерілген. Агенттік төрағасының ай­туын­ша, «е-қызмет» агенттікке, мүдделі мемлекеттік органдарға, кадр қыз­метші­лері­не онлайн-режімінде ор­та­лық жә­не өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қыз­метші­лерге қатысты толық әрі өзек­ті ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Жаңа модель бо­йынша мемлекеттік қызмет жүйе­сін­де ынта­лан­­ды­ру мен еңбекақы төлеу жү­йесі де жетілдірілетін бо­лады. Мемлекеттік қыз­метшілерді оқы­ту жүйесін жетілдіру, Президент жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясы, өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даяр­лау мен біліктілігін арттыру орталық­тары қызметінің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабыл­данады. Одан өзге, мем­лекеттік қызметші­лер­дің қызмет­тік этика­сы нор­ма­лары және олардың ең­бегін ұйым­дастырудың сапасын арт­тыру жұ­мыс­тары тиімді ба­ғытта жұмыс істейтін болады. Бү­гінгі таңда мемлекеттік қыз­метке тағайындау­лардың 50-70 пайызы ауысу тәртібі­мен жүзеге асырылса, алдағы уақыт­та, таға­йындау барысында бұрынғы лауа­зымдағы жұмысын бағалау, жұ­мыс жасаған мекемеден ұсыным хат­тың болуын ескеру көзделеді. Кездесу барысында Ә.Байменов: «Азаматтық қоғам инсти­тут­тарымен, бұқаралық ақпарат құрал­дарымен ынтымақтас­тық­ты кеңей­ту, ашық­тық­ты және қо­ғам алдын­дағы есептілікті арт­тыру мемлекеттік қызметтің тиімділігін жоғарыла­ту шаралары­ның бірі болмақ», дей келе, қа­зіргі таңда қол­даныстағы заңна­ма шеңберінде кадр­лар­ды ірік­теу мен жоғарылатудың ашық­тығын арттыру жөнінде шаралар ұйым­дастырылып жатқанын атап өтті. Мәселен, тестілеу нәтиж­е­лерін беру үшін есептік бланкі енгізіліп, қызмет тізімінің нысаны жа­ңартыл­ған­дығы кеңінен сөз болды. Жұлдыз БАЙДІЛДА.