• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2011

Қол ұшын берсе деймін

344 рет
көрсетілді

Мен Нұрымбетов Полатбай Өзбекстан Республикасының азаматымын, ұл­тым қара­қал­пақ, Нүкіс қаласында дүниеге келгенмін. Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласына 2003 жылдан бастап 3 ай мерзімге алынған виза арқылы келіп-кетіп құры­лыс­тарда жұмыс істедім. 2005 жылы Ақтау қаласының тұрғыны, Қазақстан азаматшасы Қалтаева Қаракөзге үйлендім. Виза мерзімін ұзартып, пәтер жалдап тұрып жаттық. 2006 жылы наурызда Нұрымбет Айшабибі, 2007 жылы желтоқсан айында Нұрымбет Асылзада деген балаларымыз дүниеге келді. Қалтаева Қара­көзбен заңды некеге тұрғаныма 6 жыл. 2008 жылы Қазақстан Республикасынан заңсыз жұмыс істейтін мигранттарды шығару үшін рейдтер басталды. Отбасымда екі балам, жұмыссыз әйелім болғандықтан жасырын ж­ұ­мыс істеп жүрдім. Үнемі пәтер жалдап, тамақ табу үшін ақша табуым керек болды. Бірақ жалғандық жарға жықты. Ұсталып қалдым. Екі ай уақытша қамауда жаттым. Ісім проку­ра­тураға берілді. Отбасым, екі балам, тағы да аяғы ауыр әйелім бар екендігін айтып заң орын­дары­на қанша шағымданғаныммен өтіні­шім аяқсыз қалып, 2009 жылдың мамыр айында төл­құжатыма «Қазақстан Республика­сы шека­ра­­сынан шығарылды» деген сот шешімі басылды. Мен сот шешімін орындай алмадым, бұл үшін өзімді өте ауыр айыптымын деп мойын­даймын. Бұған себеп – Өзбекстан Респуб­ли­касына қайтып барғанда менің барар жер, басар тауым жоқ еді, яғни ол жақта ешкімім қал­мады. Қартайған ата-анам 2008 жылы қыр­күйек, қазан айларында бірінен соң бірі қайтыс болды. Оның үстіне мұнда екі балам және аяғы ауыр әйелім бар еді. Менің отбасымның сол кездері көрген қиындықтарынан 2009 жылы қыркүйек айында әйелім өлі сәби босанды. Бір азаматтардың көмегімен 2009 жылы Ақтау қаласындағы шағын автотұрақтың кү­зет­шісі болып орналасып, күзетшіге арналған 1 бөлмелі үйге отбасыммен тұрақтандым. Авто­тұ­рақтың жиналған ақшасын ай сайын қо­жайынға тапсырамын, түнделетіп үй жөндеу жұмыс­тарына жалданамын. Тапқан болмашы тиын-те­бенмен балаларымды асырадым. Міне, осындай ит тірлікпен осы күнге де келіп жеттік. Үлкен балам Айшабибі жақында мектеп табал­ды­рығын аттағалы отыр. 2010 жылы қыр­күйек­те үшінші балам Нұрымбет Гүлбану дүниеге келді. Қыста суық, жазда ыстық, өмір сүруге қолайсыз автотұрақта 3 баламмен лекерлеп өмір кешудемін. Қолымнан бәрі келеді, адамша тірлік етіп, жұмыс істесем деймін. Бәріне кедергі болып отыр­ған себеп елден шығарылу жөніндегі шешім. Мен Қазақстан заңнамаларын бұзғаным үшін кі­нәлімін, бұл үшін тиісті жаза өтеуге әзірмін. Б­і­рақ мен бұған мәжбүрліліктен бардым, өйткені бауыр етім – балаларымды тастап кете алма­дым. Маған осы газетке жазған хатымды оқы­ған тиісті құқық қорғау органдарының азамат­тары қол ұшын беріп, Қазақстан Республикасы азаматты­ғын алуға ық­пал етуге көмектессе екен деймін. Отбасы иесі, әке ретінде Қазақстанның 3 бірдей азаматын тәрбие­леп, жеткізгім келеді. Қазақстан Республи­касы­ның гүлденуі үшін күш-қабілетімді арнасам деймін. Менің бұл өтінішім мен секілді шарасыз күйде жүрген көптеген азаматқа шапағатын тигізеді деген үміттемін. Тағы да ұсталып, қамауға алынам ба деген үрейден осы күнге дейін бұл арызды жазуға дәрменім жетпеді. Әлемге танымал Қазақ елі Тәуелсіздігінің 20 жылдық тойы қарсаңында осы басылым арқы­лы мұңыма құлақ асады деген үмітпен қолыма қалам алдым... Полатбай НҰРЫМБЕТОВ, Электронды пошта – erlanskii@inbox.ru Әйелімнің ата-анасының мекен-жайы - Ақтау қаласы. Индекс 130000, 28 шағын аудан, 28 үй, 107 пәтер.