• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2011

Жаңа...

304 рет
көрсетілді

...ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Мем­лекеттік қызмет істері агент­ті­гі­нің төрағасы Әлихан Байменов агенттіктің Ақмола облысы бой­ынша басқармасы­ның ұжымына және тәртіптік кеңес мүшелеріне осы басқар­маның жаңа бас­шы­сын таныс­тырды. Бұл қызметке бұған дейін Республикалық бюд­жеттің орындалуын бақылау жө­ніндегі есеп комиссиясы төраға­сының кеңесшісі қызметін ат­қар­ған Бақытжан Асқаров тағайын­дал­ды. Сондай-ақ, агенттік төр­аға­сы мемлекеттік қызмет істерінде қолға алынып жатқан реформалар туралы ке­ңінен әңгі­ме­леді. Соңғы уақыт­та аталған қызметке қабылдау тәртібіне ел­дің сенімі жоғал­ғаны жасырын емес. Бос ор­ынға кімнің қабылданатыны ал­дын ала белгілі болып тұрады. Осы­ның бәрі мемлекеттік қыз­мет­тің жаңа моделін жасауға ал­ып келді. Бақберген АМАЛБЕК.  Ақмола облысы. * * * ...ЕКІ ІРІ КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Қарағанды аймағы жайлы айтылғанда, әдетте ол көзге өндірісті өңір ретінде елестейтіні белгілі. Алайда соңғы уа­қытта аг­рар­лық сала салмағы да өсіп келеді. Мәселен жа­қында екі ірі жобаны іске асыру басталды. Қара­ған­ды­ға кіреберіс тұста бірегей ет өң­деу және көліктік-логис­ти­ка­лық кешен құрылыстары қызу қолға алынды. Біріншісінде жер-жер­ден жеткізілген ет қол­ма-қол қа­былданып, өңде­ліп, түрлі өнім­дер­ге айналды­рылса, екіншісінде сауда және тамақ­тан­дыру жүйесі бір орын­нан қажетті азық-тү­лік­пен бекітілген баға бойынша қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, картоп пен көкөністі ұзақ сақтайтын сый­ым­дылығы жоғары  қоймалар салу қарастырылуда. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды. * * * ...КОНЦЕРТ ЗАЛЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ Атырауда концерт залы құ­ры­лысы басталады деп екі-үш жылдан бері айтылушы еді. Енді сол әңгіме шындыққа ай­на­лып, қарқынмен жүргізіліп жат­қан құ­рылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтау көз­делуде. Жаңа нысанның құрылы­сы­на «Снабойл» ЖШС-нің құры­лыс­­шы­лары өткен жыл­дың аяғына таман кірісті. Мер­дігер кәсіп­ор­ын­ның учаске бастығы Дархан Жәуке­нов­тің айтуын­ша, қазір ны­санның 50 пайызға жуық жұмы­сы атқарылды. Жал­пы аумағы 15 000 шаршы метр, биіктігі 28 метр бола­ты­ны жоспарланған концерт за­лы­ның 1200 орын­дығы бола­ды. Ал сахнасының ұзындығы 54 метрді құрамақ. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау.