• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2011

Ата мұраға адалдық

282 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада басталатын І Спорттық форум­ның аясында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнал­ған Президент Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен республикалық «Қазақстан бары­сы» жа­ры­сының өтетіні белгілі. Жақында біз осы жобаның авторы, соны ұйымдастырушылардың бірі КТК телеарнасының бас директоры Арман ШОРАЕВПЕН кездесіп, әңгімелескен болатынбыз. – Әр нәрсенің мақсаты, маңызы бар емес пе. Осы жобаның мақсатын айт­саңыз. – Бұл жоба біздің ұлттық кү­ресімізді дамытуға, қазақ кү­ресін бүкіл халық қызыға тамашалап, оны негізгі спорт түрі­не, ал спорттың өзін әлеу­меттік мәселеге айнал­ды­руға арнал­ған. Оның екінші мақ­саты – қа­зақ күресі ар­қылы ха­лық ден­саулығын кө­теру, сала­мат­ты өмір салтын насихаттау. Қазір қа­рап отыр­сақ, жас жігіттердің көбі әскер қа­тарына алынбай жатыр. Себебі, денсау­лығы жа­рамсыз, әскер қата­ры­на келмейді. Сон­дық­тан бұл жоба тек жарыс өткізу, қазақ күресін насихаттау ғана емес, әлеу­мет­тік жоба болып та­бы­лады. Біз осы жоба ар­қы­лы халық ара­сын­да ішімдік, есірткі тұтыну сияқты адам денсаулығына зиян нәрсе­лерге қарсы үгіт-насихат жүргізгіміз келеді. Жарыс 20 тамыз күні 16.00-де «Дәу­­лет» спорт кешенінде өтеді. Кіру тегін. – Бас жүлдеге қомақты сома тігіп отыр екенсіздер. Жарыстың демеушісі кім болды? – Демеушісі – Қызылорда облысы­ның іскер азаматтары. Осы жерде об­лыс әкі­мінің өзі мұрындық болып отыр­ғанын айту керек. Сол үшін әкім Болат Қуан­дықов­қа, оның екі орынбасары Мадияр Алдоңғаров пен Рзақұл Нұртаевқа алғы­сы­мызды білдіреміз. Рзақұл Нұртаевтың өзі жай жа­на­шыр емес, ол қазақ күре­сі­нен Азия феде­рациясының президенті. Сон­дай-ақ осы жарысты өткізуге қол­ұшын берген Президент Әкімшілігі же­тек­шісінің орынбасары Мәулен Әшім­баев, Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгеру­шісі Дархан Мыңбай, бұрынғы Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхам­бетов, министр­ліктің спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қана­ғатов, Дүниежүзілік және республи­ка­лық қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев пен мемлекеттік жат­тық­­тыру­шы Марат Жақыпқа және басқа да азаматтарға алғысымызды білдіргіміз келеді. Бұл идея осыдан бір жыл бұрын қол­дауға ие болған. Сол кезден бастап қазақ күресінен жарыс өткізуге іске кірісіп, қазір нәтижесін көріп отырмыз. Яғ­ни, біз жер-жерде осы жарысқа қатысу үшін іріктеу сындарын өткіздік. Оған 700 мың балуан қатысты. Қазір соның ішінде тек мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан 64 балуан іріктеліп отыр. Олар Астана төрінде төселген кілемде белдесетін болады. Онда бас жүлде 150 мың АҚШ доллары болса, жеңімпаз балуан­ның бапкеріне 50 мың АҚШ доллары беріледі. Ал екінші орын алғанға 30 мың, бапкеріне 10 мың, үшінші орын иеленгенге 10 мың, бапкеріне 5 мың АҚШ доллары тапсырылады. – Өткен жолы біздің газетке берген сұхбатыңызда салмақ­тар­дың мөлшерін айтып едіңіз. Қазір сол сал­мақтар өзгерді ме? – Иә, өзгерді. Өзгергенде қандай. Біз әуелі 74 кг. сал­мақ­тан бастап балуандар жа­рысқа қатыса алады деп едік қой, соның бәрі артта қалды. Енді ба­луан­дардың салмағы 100 килодан артық болса, жарысқа қатысады. Бұл жерде 125, 135, 140 кило салмақтағы балуандар болады. Оларды Қажымұ­қан бабамыз­дың ізбасарлары, халқымыз­дың бүгінгі ба­тырлары деп айтсақ бо­лады. Қазір со­лар­ ресми жарыстарда, болмаса күн­делікті тіршілікте көрінбей жүр. Халық оларды шынын айтқанда, білмейді де. Сол себепті біз ертең өскелең ұрпақ­тың со­ларға қарап өсуі үшін осындай үлкен жа­рыстарды өткізуді мақсат етіп отыр­мыз. Ендігі жұмыс – төрешілерде. Ал олар­дың құрамы сақадай-сай. Жарысты ла­йықты өткізуге, техникалық мәселе­лер­ді дайын­дауда барлық жұмыстар істелінген. – Жарыс жыл сайын өте ме? – Иә, жыл сайын жазда өткізіп тұра­мыз. Оған шетел балуандары қатысты­рыл­майды. Тек өзіміздің балуандар ғана қаты­сады. Биыл бұл жарысқа Олимпиа­да­ның күміс жүлдегері Георгий Цурцумия қатыс­қа­лы отыр. Одан басқа осыдан бес-алты жыл бұрын болған, қазір спорттан кетіп, бап­керлікпен айналысып жүрген азаматтар да қатысады. Сонымен бірге әлем, Азия чем­пиондары, халықаралық тур­нирлер мен жарыстардың жеңімпаз­дары, самбо, дзю­до күресінің балуандары да белдеседі. Жалпы, біз осындай жа­рыс­тар өткізу ар­қы­лы қазақ күресін балуан­дарға кәсіп қы­лу­ды мақсат етіп отырмыз. Бұрында балуан­ның жеңіп алған бас бәйгесі ауыл-аймақтарды айлап-жылдап асырауға немесе өзінің байлығын еселеуге жағдай жа­са­ған. Сол кездегі балуан­дар­дың табыс көзі кә­сіп болған. Сондықтан қазір біз де балуан­дардың қазақ күресін кәсіп етуі керек деп ойлаймыз. Соған қарап жас балалар балуан, ел намысын қорғайтын азамат болсам екен деп өссе дейміз. Бүгінде Жапонияда сумо, басқа елдерде өздерінің ұлттық күрестерін дә­ріп­теп жатқандарын білесіздер. Мысалы, Моңғолияда балуан­дар­дың беделі өте зор. Олардың күресіне халық көптеп жи­на­лады, тіпті ине шаншар орын қалмайды. Бас жүлдеге тағайын­дай­тын сыйақысы да қомақты. Бізге де осын­дай жолмен жүру керек. 20 тамыз күні Астанада өтетін «Қа­зақстан барысы» жары­сын халық зор ықыласпен тамашаласа дегім келеді. Бұл жарысты КТК, ОРТ-Еура­зия, Астана телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Әңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН.