• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2011

Нақты көмек

308 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ИЫҰ Атқарушы комитетінің Сомалиге қатысты төтенше отырысында сөз сөйледі. Біз Түркия Сырт­қы істер министрі Жоғары Мәрт­е­белі Ахмет Дәуітоғлуға және Ислам Ын­тымақтастығы Ұй­ы­мының Бас хат­шы­сы Екмелледин Ихсаноғлу мыр­заға бүгінгі күні маңызды­лы­ғы аса жоғары ИЫҰ Атқарушы комитетінің Сомалидегі мәселеге қатысты Төтенше отырысын Ыс­там­бұлда ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Түркия Премьер-министрі Жо­ғары мәртебелі Реджеп Тайып Эр­до­ғанның осы жиналысқа қаты­суы және оның Сомали мәсе­ле­сінде көрсетіп отырған қолдауы Ислам тілектестігінің айқын үл­гісі деп атауға болады. Біз, Со­ма­лидің президенті Жоғары мәр­те­белі Шейх Шариф Ахмед мыр­за­ның осы кездесуімізге қатысып және өзінің еліндегі ахуал бой­ынша жеке өзінің бағалар бергеніне ризашылығымызды білдіреміз, деді өз сөзінде Е.Қазыханов. Африка мүйісіндегі бірқатар аумақтарда ең ауыр қуаңшы­лық­тың салдарынан барша Шығыс Африка аумағындағы елдерде азық-түлік тапшылығы орын алуда. «60 жылдың ішіндегі ең ауы­ры» болып есептелетін бұл қуаң­шылық Сомалиде, Эфиопияда және Кенияда кеңінен етек жай­ып, БҰҰ мәлімдеуінше, 12 млн.-нан астам халықтың тіршілігіне қауіп төндіруде. Африка мүйісі маңайындағы және ондағы елдер, соның ішінде Джибути, Судан, Оң­түстік Судан елдері және Уган­даның бірқатар бөлігі, азық-түлік тапшылығына ұшырап отыр. Бірақ та ең күрделі жағдай Сомалиде орын алып, оның оңтүс­тігіндегі 2.8 млн. халқы бар бір бөлігінде дағдарыс ең қатты әсер етуде. Келесі айларда дағдарыс қиындай түседі деп күтілуде, оның ең шарықтау шегі тамыз бен қыркүйек айларына келеді. Кең ауқымды көмек көр­сету кем дегенде 2011 жылдың желтоқсан айына дейін жалға­суы қажет. Соңғы 20 жылда бұл «көзге көрінбейтін» әлем картасындағы ыстық нүкте болып саналып келді. Ұйым осы халықты аман алып қалу біздің жауапкершілігіміз деп біледі, деді өз сөзінде Е.Қазы­ха­нов. Жақында Астанада өткен ИЫҰ министрлері кездесуі бары­сын­да Сомалидегі жағдайға қа­тыс­ты шешімді табу мен осы елге арналған Сенім қорын құру ту­ралы ИЫҰ екі дербес қарар қа­былдады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев мүше мемлекеттерге ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі бой­ынша қауырт көмек көрсету мен қуаңшылыққа қарсы ұзақ мерзімді қор құруды ұсынған болатын. Біздің еліміз барлық жан-жү­ре­гі­мен Бас хатшының Сомалидегі ашаршылыққа ұшырап жатқан халыққа көмек көрсету үшін қа­сиетті Рамазан айында жеке тұл­ғалық жәрдем жинау мақсатында кең қоғамдық ауқымда атсалысу жөніндегі ұсынысын үлкен ықыласпен қолдады. Мұны Ислам тілектестігінің ізгі көрінісі деуге болады. Бүгінгі күнде ИЫҰ – Сомалиге гуманитарлық көмекті толық­тай жеткізуге мүмкіншілігі бар жалғыз халықаралық ұйым. Оп­по­зициялық жасақ топтардың іс-әрекет етуге тыйым салуына орай БҰҰ агенттіктері мен Батыс қай­ы­рымдылық қорлары елдің көп­шілік аумақтарында жұмыс істеу­ге мүмкіншіліктері болмай отыр. Сондықтан біздің кезде­суіміздің мақсаты мүше мем­лекеттердің іске асырылып отыр­­ған гумани­тар­лық опера­ция­ға іс жүзінде көмек көр­се­туге ынталандыру болды, деді өз сөзінде Е.Қазыханов. Іскерлі түрде, іс-қимылдарға бағытталған және кездесудің нә­ти­жесі бойынша бірқатар елдер­дің тараптарынан нақты үлес қо­суға өзіне міндет алған бұл ша­раны ризашылықпен атап өткім келеді. ИЫҰ келесі басымды ба­ғыт­тарды: азық-түлік қауіпсіздігін, денсаулық сақтау, ауыз сумен қам­тамасыз етуді және эконо­ми­ка­лық қайта құруды қамтитын арнайы бағдарлама дайындады. Қатысушылар гуманитарлық аспектілермен бірге Сомалидегі бо­ла­шақ саяси тұрақтылықты ор­нық­тыру және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­сатында ИЫҰ іске асыра алатын әдіс жолдарын талқы­лады. Кез­десудің нәтижесі бой­ын­ша осы елдің берекелі бола­шағын құру жөніндегі біздің міндеттемелерімізді айқындай­тын қорытынды коммюнике қабылданды. Осы іс-әрекеттердің екінші жалғасы ретінде ИЫҰ Бас хат­шысы ұсынған ислам елдеріндегі мемлекеттік емес қайырым­ды­лық құрылымдар мен қорлардың Сомалидегі іс-әрекеттерін үйлес­ті­руге арналған Ізгілік көмек көр­сету коалициясын құру жөніндегі сәтті бастамасын атап өтуге рұқ­сат етіңіздер. Коалицияның бірінші кездесуі Ыстамбұл қаласында 28 шілдеде ИЫҰ аясында өтті, деді осы орайда Е.Қазыханов сөзін аяқтай келе, ол ИЫҰ СІМК төрағасы ретінде, Қазақстанның Сомалимен бірге тілектестігіміз­дің көрсететін ортақ күш-жіге­рімізде басқосуға мүмкіншілік бер­ген осы маңызды кездесуді уақтылы ұйымдастырғаны үшін Түркия үкіметіне жоғары баға бере отырып, жеке түрде Жоғары мәртебелі Реджеп Тайып Эрдо­ған­ға және Ахмет Дәуітоғлу мыр­заға ризашылығымды білдіремін, деді. Сонымен бірге, осы орайлы сәтті пайдалана отырып, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет­те­рі­не, мемлекеттік емес ұйымда­ры­на Сомалидегі қуаңшылыққа ұшы­рағандарға нақты көмек көр­сеткендері үшін үлкен алғысын білдірді.