• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2011

Мәдениетке де көңіл бөліне бастады

376 рет
көрсетілді

Алматы облысында үш ауданның халық театр­ла­ры­на бір бір автокөлік және жергілікті бюджеттен 15 бір­­лік-штаттан берілді. Жақында Іле ауданының Чапай ауылында аудандық халық театры жергілікті қаламгер С.Жарқын­беков­тің «Жамбылдың жастық шағы» деген драмалық қойылымын сахнаға шығарып, жаңа маусымның бета­ша­рын жасады. Оған бір жағынан ау­дан­дық халық театрына пайдалануға берілген жаңа автокөлік пен жергілікті бюджеттен бөлінген он бес штат-бірліктің де зор ықпалы бол­ды. Экономикасы дамыған, өрке­ниет­ке нық қол созған елдер ғана осылай жасайды. Мұны Қазақ­стан­ның аяғы­нан тік тұрып қана қоймай, жаңа белестерді бағындыруға бекем бел бу­ған­дығы деп қабылдасақ та болады. Мемлекет тарапынан осындай құп аларлық жағдай Алматы облы­сы бойынша Райымбек, Алакөл аудандарына да жасалынды. Аталған аудандардың халық театр­­­ларының әрқайсысына облыс әкім­дігінің ықпалымен жергілікті бюджеттен он бестен бірлік-штат­тары бекер бөлініп отырған жоқ. Өйт­ке­ні, аталған осы үш ауданда да бұ­рын­дары халық театрлары жұ­мыс істеп тұрды. Бірде дәуірледі, бірде қалт-құлт етсе де, жергілікті көркем­өнер­паздардың жанды көмектерінің арқа­сын­да тарап кетпеді. Әсіресе, Іле ауда­ны­ның халық театрының жағ­да­йы қиын болды. Өйткені, ол ауда­н­дық ха­лық театры бұрынғы тарап кет­кен Күр­ті ауданының халық театры бола­тын. Аудан тарағанда Іле ауданына қо­сылған-ды. Шынында да ол өте күр­делі уақыт еді. Шаруа­шы­лықтар тарап, әркім күнкөріс қамын күйттеп кет­кен кез. Кейбіреулер тараған ша­руа­шылықтардан не нәрсе болса да кө­бі­рек қымқырып қалуға тырысты. Осындай аумалы-төкпелі заманда тараған ауданның халық театрына ие болып қалған театр режиссері Гүлнәр Ахметбаева ұжымға жаңа мүшелер тартып, қойылым­дар­ды сахнаға шы­ға­рып, елдің еңсесін көтеруге тырыс­ты. Ол әрекеттері шы­нында да нәти­же­лі болды. Қанатымен су сепкен қар­лы­ғаштай шырылдаған жанның әре­кетін жұрт та түсінді. Қашан да қол­ұшын беруден тартын­бады. Нәтиже­сін­де тараған ауданның халық театры уақыт өте келе ширығып, ширай түсті. Он бес штат-бірлігі. Ол – он бес адам деген сөз. Бір халықтық театрда он бес адам жұмыс істеп, бала-шаға­сын асырайды. Дұрыстап таң­дап, ірік­теп, нағыз өнерлі адамдарды жұ­мыс­қа қабылдаса, осы театрға берілген он бес штат-бірліктен және бір оркестр де жасақтауға болады. Бірнеше концерттік бағдарламалар әзір­леу­ге де мүмкіндік бар деген сөз. Аудандық халық театрларына тіпті Кеңес өкіметі дүркіреп тұр­ған­да да мұндай жағдай ешқашан жаса­лын­баған болатын. Небәрі екі-ақ штат берілетін еді ол кездері. Қоюшы режиссер және суретші ға­на. Қалған керекті адамдарды қою­шы режиссерлер көркемөнерпаздар арасынан жинап алатын-ды. Енді, мі­не, ақ түйенің қарны жарылып отыр. Марат ҚАШҚЫНБАЕВ. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы.