• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2010

ӨРГЕ ӨРЛЕГЕН ӨРЕНДЕР

2859 рет
көрсетілді

Жақында Алматыдағы рес­пуб­ликалық спорт колледжінің шар­шы алаңында бокстан жасөспірімдер арасын­дағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Бұл бә­се­кеге 1994-1995 жылдары туған 100-ден астам жет­кін­шек қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Ең жеңіл, яғни 44 кило салмақта қарағандылық Та­бысхан Тұрмаханбетов құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Келесі, 46, 48 және 50 кило салмақ дәрежелерінде өткен сындарда Әлішер Жұма­таев (Жамбыл облысы), Сер­гей Макарихин мен алматы­лық боксшы Айдар Иманға­лиев чемпион атанды. Олар ақтық айқаста есімдері жалпақ жұртқа онша таныс болмаса да бүкіл жекпе-жектерінде қар­сы­ластарына қасқая тұрып қол­ғап түйістірген бәсеке­лес­терінен айласын асырды. Бұ­дан басқа чемпионатта­ғы бар­лық кездесулерде бәсе­келесте­рінің бәрін жарыс жо­лынан шы­ғарып тастаған қы­зыл­ордалық Ақылбек Жолама­нов (52 кило), Арман Құлов (54 кило, Маңғыстау облысы), 57 және 60 кило салмақтарда Оң­­түстік Қазақстан облысы­ның өрендері Ақмадияр Исақ пен Әділет Әлібек, Айтжан Ші­леев (63 кило, Жамбыл об­лы­сы), Роман Жайлауов (66 ки­ло, Ас­тана қаласы) құрмет тұғы­ры­ның ең биік сатысына шық­ты. Сонымен бірге, Алма­ты­­дағы шар­шы алаңда қарсы­ласта­ры­ның сырын тапқан Сыр бойы­ның жас былғары қолғап шебері Тұр­сын­бай Құ­лахметов (70 кило), Дінислам Әбдешов (75 кило, ОҚО), Ай­тас Тойбаев (80 кило, Алматы облысы) пен 80 ки­лодан астам салмақта өнер көр­сеткен пав­лодарлық Темір­лан Бақтыбай­дың мерейі үстем болды. Сөйтіп, аталмыш бәсеке­лердің қорытындысында ко­ман­­далық есепте Оңтүстік Қа­зақ­стан облысының өрен­дері жеңіп алған жүлделеріне қарай жеке-дара көш бас­тады. Олар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола ме­дальға қол жет­кізді. Одан кей­інгі орын­ды 2 алтын, 3 кү­міс және 5 қоланы еншілеген Жамбыл облысының бокс­шы­лары ие­ленді. Келесі үшінші және төр­тінші орындар кө­мірлі Қарағанды өңірі өрен­дері мен Сыр бойының жас бокс­шыларына бұйырды. Мұн­да Орта­лық Қазақстанның екі бокс­шысы алтын жүлдені ал­са, тағы бесеуі қола медальді қа­­на­ғат тұтты. Ал Қызылорда облысының өкілдері 2 алтын, 1 қола жүлдемен шектелді. Ал­маты қаласы 1 алтын, 2 күміс және 3 қоланы өздеріне қал­дыр­ды. Сонымен бірге, Пав­лодар, Алматы мен Маң­ғыстау облыстарының коман­да­лары чемпионаттан бір-бір алтын жүлдені алып қайтты. Енді биылғы жылы жасөс­пі­рімдер бірнеше елде өте­тін халықаралық турнирлерге қаты­сатын болады. Олар көк­темде Украинаның Львов пен До­нецк, Әзірбайжанның Баку, жаз­да және күз айларында Ре­сейдің Мәскеу қаласында жа­лау­ын көтеретін Борис Ла­гу­тин­нің, Қаскелеңде Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ал­ма­тыда Серік Төлебаев пен шым­кенттік Сәуірбай Есжа­новтың турнирлерінде қолғап түйістіреді. Бокстан кадеттер арасын­дағы ұлттық құраманың аға бап­кері Сұлтан Костоевтың ай­туынша, бұл бәсекелерде отан­дастарымызға қасқая қар­сы ұмтылатын қарсыластар аз болмайды. Биылғы ел бірін­шілігі осы турнирлерге және келесі жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына дайындық болып табылады. Дастан КЕНЖАЛИН. ЖАУЫНГЕРЛІК ӘЗІРЛІК ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? Гвардейскіде республика Қару­лы Күштері Құрлық әскерлерінің басшылық құрамымен жедел жиын өткізілді. Оған Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қатысты. Мұндағы басқосу мақсаты ату қаруларының, оқ-дәрілердің сақта­луын және командирлер мен ин­женер-техник құрамның жеке жау­апкершілігін арттыруды басшылыққа алатын құжаттардағы талаптарды оқып үйрену болды. – Бүгінгі біздің өткізіп отырған шараның заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып сана­латын Қарулы Күштерімізді сапалық жағынан көтеруде маңызы зор, – деді жиында сөйлеген сөзінде қор­ғаныс ведомствосының басшысы. – “Жаңа онжылдық – жаңа эко­номикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары бойынша Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы Елбасының бағдар­ламалық нұсқауларын қамтамасыз етуге лайықты үлесін қосуы шарт. Осылай деген Қорғаныс минис­трі Ә.Жақсыбеков жиын соңында Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін жаңа деңгейге көтеру, қай істе болса да сапалылыққа қол жет­кі­зу талаптары бойынша әскери құ­ры­лым басшыларына нақты тап­сыр­малар берді, деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.