• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Мамыр, 2017

Астанада жылыту маусымының қортындысы шығарылды

128 рет
көрсетілді

Жылыту маусымы елордада 202 күнге жалғасты: 2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 20 сәуіріне дейінгі аралықта өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана қаласының энергетика басқармасының» басшысы Б.Б. Жапаев елорда әкімі Әсет Исекешевке 2016-2017 жылдардың күз-қыс кезеңдерінің өту барысы туралы есеп берді.

Электр көздерінде электр энергиясы 2016 жылдың 8 желтоқсанында ең көп өндірілген. (485 МВт/ч), ал жылу энергиясының ең көп жіберілген кезі 2017 жылдың 10 ақпанында тіркелген. (1 955 Гкал/ч). 2496 мың тонна көмір және 7 318 тонна мазут шығындалған.

Энергия көздерінде І дәрежедегі апаттар мен ақаулар орын алмаған, ІІ деңгейдегі – 21 апатты жағдай тіркелген. ЖЭС – 1-де – 5 ақау болса, ЖЭС-2-де 16 рет істен шыққан. Жылу желілерінде І және ІІ дәрежедегі апаттар тіркелмеген.

Ал, жылыту маусымында электр желілерінде ең ауыр салмақ 2016 жылдың 21 қарашасында(631 МВт) болған. Астаналық энерготораптың энергоүнемдеуі ЖЭС-2 және Қазақстанның ЕЭО-нан жүзеге асырылады.

Жылыту маусымы кезінде электермен қамту желілерінде 339 сөніп қалу апаттары орын алған. Оның ішінде 100 авария бөтен үйымдардың кінәсінен болған.  Бұдан бөлек «Астана-РЭК» АҚ желілерінде – 260 авариялық жағдайлар болған (өзге мекемелердің кінәсінен - 86) Тұтынушылар желілерінде – 79 апат тіркелді.

Жалпы Астанада жылыту маусымы штаттық кестеге сай өтті. Жылу желілерінің температуралық режимі бекітілген тәртіп картасына сай ұйымдастырылды.