Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – жануарлар мен өсімдік түрлерінің биоалуандығын, қоғамдастығы мен экожүйесін сақтау мен орнықты дамыту, сондай-ақ «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігі мен биологиялық алуандықты сақтау саласындағы халықаралық келісімдерді орындау.
Заң жобасы 14 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар сирек және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлеріне, орман шаруашылығына, экологиялық талаптарға қатысты болып отыр. Сондай-ақ, сала мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау, жануарларды біздің елімізге әкелу және елімізден алып кету, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы да өзгерістер бар.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.