• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Театр 19 Мамыр, 2017

«Қазақконцерт» Италияда өнер көрсетті

224 рет
көрсетілді

Күні кеше «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының әртістері Италиядан оралды. Қазақстанның Италиядағы мәдениет күндері аясында отандық өнерпаздар Лекко және Эзино-Ларио қалаларына гастрольдік сапармен барған.

Лекко қаласындағы «Teatro Societa» мен Эзино-Лариодағы «Teatro Comunale» концерттік зал­да­ры – Ита­лия­дағы танымал мә­де­ни ошақ­тар­дың қатарынан са­на­лады. Кө­рер­мендері де көп. «Қа­зақ­кон­церт­тің» әртістері осы екі үлкен сахнада өнер көр­сет­кен.  Фольклорлық-этнографиялық ан­­самбльдің әртістері домбыра, қыл­­қобыз, жетіген мен сазсыр­най үндерімен, ал, осы күні ел­ге бір­шама танымал Азамат Жыл­тыр­­көзов, Айзада Қапонова, Ер­лан Рысқали, Гүлмира Тапай, Ба­тыр­жан Смақов пен Дәурен Ораз­бе­ков сынды әнші­лер академиялық оры­ндаушылық қа­бі­леттерімен қа­­зақ әуенінің, әнінің те­рең иі­рім­де­ріне бойлап, бөлекше қа­сиетін та­нытқан.  Концерттік бағдарламада ән­мен қоса күй өнеріне де ерекше басым­дық берілген. Аян Омаров пен Ақерке Тә­жі­баева секілді жастар кө­не екі ішекті, ыспалы музыкалық ас­пап қылқобызда Ә.Қазақбаевтың «Ті­леп сарыны» күйін орындаса, бел­гілі күйші Секен Тұрысбек бас­та­ған домбырашылар тобы қа­зақ­тың арда күйлерімен Италия сахна­ларын дүбірлеткен.  Италиялық көрермендерді там­­с­ан­дырған нәрсе – олардың төл туын­дыларының қазақтың музы­калық аспабымен орындалуы. К.Монтевердидің атақ­ты «Si dolce el tormento» туын­ды­сын қылқобыз бен жетіген аспап­та­­рымен орындаған Батыржан Сма­қов, Аян Омаров пен Венера Та­быс тыңдармандарға жақсы кө­ңіл күй сыйласа, халықаралық бай­қау­лар­дың лауреаты Айзада Қа­понова мен Қазақстанның Ең­бек сіңірген қай­рат­кері Азамат Жыл­тыркөзовтің итальян тілінде ән шырқағанын да атап өту керек. 

Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»