• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Мамыр, 2017

Еліміздің солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады

132 рет
көрсетілді

Еліміздің батысында және қиыр солтүстігінде атмофералық ағымдардың өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады деп болжануда. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-шығыста тұман болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, күндіз шаңды дауыл көтеріледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында ауа температурасы -4 градусқа дейін төмендейді.

Павлодар облысының жекелеген жерлерінде топырақ бетінде 0-2 градус үсік жүреді.