• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2017

Қарағандыда мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталды

212 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақтағы мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтап, арнайы сыйақымен марапаттады.

Салтанатты шара К.Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында өтті. Жалпы сомасы 5 млн теңгені құрайтын облыс әкімінің сыйлығы 22 номинация бойынша табысталды. 

«Мен бүгін мына залда жасаған еңбектері зор әрі баға жетпес танымал әртістерді, атақты суретшілерді және режиссерлерді, мәдениет қызметкерлерін көріп отырмын. Біздің Сарыарқамыз ғасырлар бойы өз дарындыларымен әйгілі. Қарағанды – еліміздің мәдени орталықтарының бірі. Біздің мақтан тұтар тұстарымыз жетерлік. Қарағандылық әртістер әлем сахналарында өнер көрсетеді, жергілікті театрларымыздың залдары көрерменге толы. Біздің кітапханаларымыз бен мұражайларымыз үлгілі боларлықтай», деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау салтанаты керемет концерт түрінде өтті. Үміткерлер ішінен комиссия мүшелері ең үздік дегендерін іріктеп шығарған. Олардың әрқайсысы облыс әкімінің екі жүз мың теңге көлеміндегі сыйлығының лауреаты атанды.

Ал ең негізгі «Мамандығына адалдығы үшін» атты номинация бойынша 500 мың теңге көлеміндегі арнайы сыйлық – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының жетекші әртісі Қайрат Кемаловқа табыс етілді.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген Д.Кузмичев