• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Мамыр, 2017

Қазақстан елшісі Түркияның Кеден және сауда министрімен кездесті

181 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчимен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың, соның ішінде екіжақты сауданы арттыру бойынша кеден органдарының орны мен маңыздылығы жөнінде сөз болды. Кеден саласы бойынша ынтымақтастықты ілгерлетуге қатысты екіжақты жоспарлар да талқыланды.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдаудың негізгі бағдарлары туралы және ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі туралы хабардар еткен елші өз сөзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейде жалғасып келе жатқандығын, кеден саласындағы ынтымақтастықтың көпжақты және екіжақты тұғырнаманың негізінде жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркияның кеден органдары арасындағы ынтымақтастықтың басты бағдарлары бойынша екіжақты сауда саласындағы тауарларға қатысты алдын-ала ақпараттармен алмасу, Уәкілетті экономикалық операторларды таныстыру және тәжірибе алмасу мәселелеріне назар аударды.

Өз кезегінде, министр Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған көреген саясатына жоғары баға беріп, Қазақстанның Орта Азия өңіріндегі Түркияның басты саяси және экономикалық әріптесі екендігін атап өтті. Сондай-ақ, екі мемлекеттің кеден органдарының Жібек жолы және Керуен сарай жобалары бойынша өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Екі ел арасында келісілген ортақ жобалардың іске асуына мүдделі екендігін жеткізді.

Түркияның Кеден және сауда министрі Б.Түфенкчи елші А.Сапарбекұлын жаңа қызметімен құттықтап, жүрекжарды тілектестігін білдірді.