• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Мамыр, 2017

Елордада БАҚ лиганың жазғы маусымы басталды

124 рет
көрсетілді

Астана қаласында журналистер арасында футболдан жазғы маусым басталды. Алғашқы турдың ойындары «Тарлан-Арена» спорт кешенінің шағын футбол алаңында өтті.

Журналистер лигасының қысқы маусымында барлығы 11 команда бақ сынаған болса, бұл жолы 14 команда өтініш білдірді. Олар: «Хабар», «ҚР АКМ», «Егемен Қазақстан», «Қазақ радиосы», «Жеңіс», «Sports 1959», «Хабар-24», «ҚазСпорт», «ҚазМедиа», «Қазақстан», «Ел арна», «Dixinews.kz», «Елорда-ақпарат», «Астана ТК».

Жарыстың ашылу салтанаты бүгін 18:00-де өтті. Оған «Егемен Қазақстан» басылымының төрағасы Дархан Қыдырәлі, Астана қалалық футбол федерациясының бас менеджері Ғалымжан Кенжалинов қатысты.

«Осындай керемет шараны ұйымдастырған жандарға алғысымызды білдіреміз. Футбол жарысы әріптестеріміздің жасыл алаңда бас қосып, бір-бірімен жақындай түсуіне септігін тигізеді деп сенеміз. Журналистер қай жағынан болсын мықты. Жазғы маусым бізді кезекті рет шыңдай түседі. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Алаңдағы жарысымыз бізді тек қана бірлікке бастай берсін!» деді Дархан Қыдырәлі.

Жазғы маусымның тағы бір ерекшелігі – лигамен қатар, БАҚ кубогы да қосылды. Бұл ойындар 27 мамырдан басталады. Сонымен қатар, лиганың әр турындағы үздік ойыншы анықталып, оған «Астана» футбол клубының бір жейдешесі сыйға беріледі.