Мамандардың нақты есептеріне негізделіп депутаттар бекіткен бюджеттің кесілуін мен мулдем түсіне алмаймын? Шығындардың қысқырып кетуіне қандай себеп болды? Бұл бюджеттік кодекс талаптарымен қабыспайды.
Облыстық маслихаттың депутаты Марат Итеғұловтвың осындай нақты сұрағына баяндама жасаған облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Өнербаев тұжырымды жауап қайтара алмай тібіртіктеп қалды. Мұнысы аз болғандай күн сайын қолынан өтіп жүрген деректі білмей мүдіре берді. Сонда мұның жауабын кім бермек? «Егемен» тілшісің сауалына орай облыстық маслихаттың хатшысы Сания Қалдығүлова бюджеттік жүйе талабын сақтау бұлжымас қағида екенін айта келіп, аталған мәселе таяудағы сессияда қаралып, содан соң оның нақты жауабы қайтарылатынын мәлімдеді.
Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе