• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Мамыр, 2017

Кооперативтер саны көбейіп келеді

142 рет
көрсетілді

«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвистициялық орталығы облыстың барлық аудан және қалаларында кооперативтерді құру, қаржыландыру және субсидиялау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Оған ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының, «Ырыс» МҚҰ, АШҚҚҚ сияқты қаржы институттарының және жергілікті КҚҚО-ның өкілдері қатысты.

Жиында жергілікті «Кəсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның өкілдері селолық тұтынушылар кооперативі мен ауыл шаруашылығы кооперативінің айырмашылықтары туралы, кооператив құру жұмыстарына және несиелендіру жұмыстарына халыққа қызмет көрсетуге дайын екендіктері жайында баяндады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.