• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Мамыр, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

142 рет
көрсетілді

22 мамырда Қазақстанның кей жерлерінде құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерінде найзағайлы жауын-шашын болып, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Павлодар, Жамбыл, күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  жел 15-23 м/с күшейеді. Қостанай, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде найзағай, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағайлы жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.