• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2017

Ақтөбеде биыл мектептердің 62 пайызы аттестациядан өтпеді

128 рет
көрсетілді

Ел өңірлеріндегі білім сапасын бақылау құрылымдары мектептерде білім сапасын анықтау бойынша тексерулер жүргізіп тұратыны белгілі. Осындай тексерулердің нәтижесінде Ақтөбе өңірінде 2016 жылы сексен мектептің елу сегізі аттестациядан өтпегені белгілі болып отыр.

Бұл аттестациядан өтпеген мектептердің саны 72 пайыз құрайтынын көрсетеді. Ал биыл осы мерзімге дейін жүргізілген тексерістердің қорытындысында мектептердің 62 пайызы аттестациядан тағы да өтпей қалыпты.

Мұндай дерек ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы әдет жөніндегі кеңестік кезекті отырысында белгілі болды.

Нақтырақ айтанда Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова комиссия мүшелерінің қойған сауалына орай осындай жауап қайтарды. Бұған қатысты олар аттестациядан өтпеген білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті әкімшілік шара қолдану жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан»