Ақмола облысы Ұлттық чемпионатта 25 біліктілік бойынша сайысқа қатысып, 16 медальға ие болды. Бұл негізінен республика көлемінде ең жақсы көрсеткіш саналады. Атап айтқанда, Көкшетау қаласының Жоғары колледжінің оқушылары Диас Дулат пен Анатолий Тыщенко «Токарьлық іс» және «Шанақ жұмыстары» сайысында алтыннан алқа тағынды. Сол колледждің тағы бір оқушысы Валерий Водницкий «Ағаш шебері ісі» бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Бұдан басқа, Көкшетау қаласының №1 Құрылыс-техникалық колледжінің оқушылары Максим Бельченков пен Анна Бобылева «Дәнекерлеу ісі» және «Сырлау жұмыстары» бойынша жеңімпаз атанды. Және де Красный Яр қаласының №3 Агротехникалық колледжінің оқушысы Валерий Онищенко «Сантехника және жылыту» бойынша алтын медальға ие болғандығын да айта кету керек. Енді алтын жүлде иегерлері Қазақстан құрамасы сапында елімізді «WorldSkills Russia» халықаралық чемпионатында таныстыратын болады.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы