• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Мамыр, 2017

Жастарға берілген тың бағыт

304 рет
көрсетілді

Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған жас ғалымдар, жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жастар конвенті ұйымдастырылды.

Сарапшылық отырыс­тың басты мақсаты Қазақстан дамуының ресурсы және адам капиталының элементі ретіндегі жастар рөлін талқылау, соны­мен қатар, Президент мақаласын­да көрсетілген бағдарламалық нұсқауларды жүзеге асыруға ба­ғыт­талған шаралар туралы болды.  Бұл отырысқа баяндамаларымен «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская, Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Бимұрат Бұрханов, сонымен қоса, Фило­софия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қыз­мет­керлері қатысты. «Жас Отан» ЖҚ, ҚазАльянс, «Болашак» стипендиаттарының қауым­дастығы, Қазақстан жастар Кон­гресі, «Қазақстан студент­терінің Альян­сы» республикалық жастар қоз­ға­лысы, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен басқа да жас­тар ұйым­дары­ның өкілдері қатысты. Елбасының бағдарлама­лық мақаласы қазіргі заманғы Қазақ­станның стратегиялық бағыт – мүдделерін айқындайтын жаңа идеологиялық тұжырым­дама екені басты мәселе ретінде айтылды. Бұл жастарға деген тың бағыт болып саналады. Өз сөздерін­де олардың үлкен серпілістерге бағыт­­тайтын ерен күш екенін жас­тар сеніммен ай­ғақтай түсті. Сарапшылық талқылаудың қорытындылары бойынша баяндамалар негізінде қатысу­шылармен сарапшылық ұсыныс­тар берілді. 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ