• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2017

Бразилиялық саяхатшы Қызылжарды басып өтті

116 рет
көрсетілді

Дүниенің төрткүл бұрышын велосипедпен шарлап келе жатқан 29 жастағы бразиялық саяхатшы Маркус Коста Қызылжар өңірінің көрікті жерлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Ол осыдан екі жыл бұрын  жолсапарға шығып, 27 мың шақырымды жүріп өтіпті.  Айтуына қарағанда, Оңтүстік Американы  тұтас,  Еуропа мен Азияның бірқатар елдерін, ұзын-ырғасы 35 мемлекетті шарлапты.

Өңірге келген саяхатшыны Петропавл қаласының тұрғыны, зейнеткер Любовь Матвеена кездейсоқ ұшырастырып, тілін түсінбесе де, еш жатсынбастан қарсы алып, қонақ еткен.

«Қазақстандықтардың дархандығы, қонақжайлығы қатты таңқалдырды. Көрікті жерлері де көп екен. Үйренетін тағылымдар да аз емес», дейді Маркус Коста.

Оның әлі отанына оралатын ойы жоқ. Екі жыл ғұмырын саяхатқа арнамақ. Моңғолия, Қытай, Вьетнам, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттерін  араламақ ойы бар. Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»