Кездесу барысында ол ведомствоның қызметі мен алдағы жоспарлары жөнінде әңгімелеп, жұртшылықты қызықтырған сауалдарға жауап беруді көздеп отыр. Сондай-ақ бұл күні аймақ тұрғындары министрге онлайн режимде сауал қою үшін бейнеконференция арқылы байланыса алады. Шара барысында кері байланыс орнату үшін министрлік қызметкерлерінен құрылған хатшылық жұмыс істейтін болады. Ынта білдіргендер БҒМ құзыретіне жататын түрлі сауалдары бойынша көмектер мен кеңестер ала алады. Айта кетейік, министрдің есеп беру кездесуі қарсаңында барлық тілек білдірушілер өздерінің сауалдарын БҒМ сайтындағы министрдің блогы, сондай-ақ, Фэйсбук, Инстаграм, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалар және 8(7172) 74-24-11 «жедел желі» арқылы қоя алады (жұмыс уақыты: дс. – жм. 09.00 – 18.30). Есеп беру кездесуінің өтетін орны: Астана қаласы, Сәтпаев көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әкімшілік (бас ғимараты) корпусы, ҚР Тұңғыш Президенті залы.
Медицина
•
22 Мамыр, 2017
31 мамырда Білім және ғылым министрі халыққа есеп береді
134 рет
көрсетілді
Биыл 31 мамыр күні Астанада Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.