25 мамырда сенаторлар Қазақстан мен Қырғызстан елі арасындағы реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және осы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы; Қазақстан мен Ресей арасындағы темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды. Заңнамаға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және қорғаныс пен әскери қызмет мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда талқыланатын болды. Сенат отырысында еліміздің Конституциялық Кеңесінің мүшесі Ұбайдолла Стамқұловтың өкілеттігін тоқтату туралы және Парламент Сенаты Төрағасының ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы мәселе де қаралады.
Парламент
•
23 Мамыр, 2017
Күн тәртібі талқыланды
271 рет
көрсетілді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Онда жоғарғы Палата отырысының күн тәртібі талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.