• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Мамыр, 2017

Комиссияның кезекті отырысы өтті

162 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйін­де Премьер-Минис­тр Ба­қытжан Сағын­таев­­тың төрағалығымен Қа­зақстан Респуб­ли­касы экономикасын жаң­ғырту мәселелері жө­нін­дегі мемлекеттік комис­сияның кезекті отырысы өтті, деп хабар­лады Премьер-Ми­­нис­тр­дің баспасөз қыз­меті.

Отырыс барысында Үкі­ме­ттің ақпараттық-коммуни­ка­циялық технологияларды дамыту, технологиялық жаңарту және экономиканы, туризмді цифрландыру сияқты бағыттарын жаңғырту бойынша жұмыстарын жүйе­леуге қатысты Ақ­парат және коммуникация­лар, Инвестициялар және даму, Мәдениет және спорт министр­ліктерінің іс-әрекет­тері талқыланды.

Мемлекеттік комиссия оты­ры­сында қаралған барлық ба­ғыттар еліміздің тұрақты эко­но­микалық өсімін қамта­масыз етуге және Мемлекет бас­шысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауы аясында экономиканы жаңғыртуға бағдарланған.