• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2017

Ардагерлерді тоғыстырған турнир

257 рет
көрсетілді

Талдықорғанда Қазақстан Қа­­рулы Күштерінің 25 жылды­ғы­на орай Ауған соғысы ардагер­ле­рі­нің арасында волейболдан рес­­пуб­ликалық турнир өтті. Тур­нирді Алматы об­лысының әкімі Аман­дық Баталов ашып «Бұл бәсеке ел көлемінде бұ­дан кейін де игі дәстүрге айналып, спортсүйер қауымның игі шарасына айналады деп сенеміз», деді.

Ауғандық ардагерлер атынан «Ауған соғысы мүгедек­те­рі­­нің рес­­публикалық ұйымы» қоғам­дық бір­лестігінің төрағасы, Ке­ңес Ода­­­ғының Батыры Нико­лай Кре­ме­ниш сөз алып, тур­нирді ұйым­дас­ты­ру­шыларға ризашылығын біл­діріп, сәттілік тіледі. 

Жалпы, бұл спорттық жарыс­ты өткізу туралы ұсыныс облыс әкімінің осы жылдың ақ­­пан айында ауған соғысы ар­дагерлерімен кездесуі бары­сын­да айтылған болатын. Ұсы­ныс­қа әкімдік тарапынан қолдау көр­сетіліп, жүзеге асырылып отыр. Елі­міздің түкпір-түкпірінен 9 команда қатысқан жарыста бірінші орынды Шығыс Қазақстан об­лысының ардагерлері жеңіп алып, 500 000 теңгенің сер­тификатын және Кубок пен ме­далін иеленсе, екінші орынға ас­таналықтар көтеріліп 300 000 теңге, ал үшінші орын­ды місе тұтқан Алматы об­лы­сының командасы 200 000 тең­геге ие болды.

Нұрбол Әлдібаев, «Егемен Қазақстан»

Талдықорған