• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Мамыр, 2017

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

298 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жаууы ықтимал, тек оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ күтіледі, тұман түсуі де мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Ақмола облысында жел екпіні секундына 15-20, күндіз 25 м/с-ге дейін жетеді.

СҚО-да жел күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ге дейін жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Маңғыстау, Қостанай облыстарында тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ күтіледі.

Алматы мен Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде күн қатты ысуы мүмкін.