• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2017

Құндылықтар сөйледі

321 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мем­ле­кет­тік Орталық музейінде 19­ мамыр күні сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Халықаралық му­зей­лер күні мерекесіне арналған «Му­зей түні – 2017: Музейлік құндылықтарға тіл біткенде» атты іс-шара өтті.

Алғашқы қадамын 1997 жылы Берлин қа­ласынан бастаған халықаралық жоба Алматыда тұңғыш рет 2006 жылы Ор­та­лық музейде белгілі зерттеуші Нұр­сан Әлім­байдың ұйытқы болуымен ұй­ым­дас­тырылған болатын. Содан бері үз­дік­сіз өтіп келе жатқан мәдени шараға ха­лықтың қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Тарихи-мәдени мұраны на­си­­хаттауға арналған шарада көрермен на­зарына музей қорынан және жеке коллек­ция­лардан жаңа көрмелер ұсынылып, мә­де­ни-рухани диалог жасауға даңғыл жол ашыл­ды. Ұйымдастырушылар сахналық қой­ылымдар мен тарихи кейіпкерлердің об­разында көрме залдарымен таныстырды. Ан­дронов мәдениетінің әйел адамы мен сақ ханшайымы Томирис Қазақстанның еже­л­гі және ортағасырлық тарихымен та­ныс­тырса, тарихи этнография залында қа­зақ батырлары қылыштасу өнерін көр­сет­ті.  Музей директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Бибігүл ДАНДЫҒАРАЕВА: «Музей түні» – шығармашыл адамдар­мен се­ріктесу алаңы. Алматы қаласындағы ұлт­тық мәдени және білім беру орталықтары, өнер, мәдениет және ғылым қайраткерлері, шы­ғармашылық студиялар мен қоғамдық қор­лар, бизнес-құрылымдар жыл сайын «Му­зей түні» шарасына белсене қатысып ке­леді. Бұл күні музей ұлты, жасы, діни көз­қарастары мен қызығушылықтары әр­түрлі жандардың бас қосып, пікір алмасуына жағдай жасайтын алаңға айналды», деді. Сондай-ақ, Алматы қаласының қазір­гі заманғы суретші-мүсіншілері мен бі­ре­гей авторлық жұмыстардың «Мүсін мә­дениеті» көрмесі, швед суретшісі Ту­ве Крабоның «Қылмыс орындары: Ал­ғаш­қы найзағай» көрмесі ұсынылды. «Positive life Studio», «Tesla art laboratory» ком­паниялары ұсынған проекторлық, пи­ксельді, жарықдиодты картиналар; Швециялық қонақтардың құттықтауы – Перфоманс «Каспий теңізіндегі Ви­кин­г- тер» және «Baidaralin Studio» ұсынған қа­зақ садақшылары; «Tribal Pro», «Dance Studio», «Cuban Mix» ұсынған би шоуы; «Империал», «Сейшн» шоу-балеті; «Алматы Барабандары» шоуы; «Fire Sunset» компаниясының от шашуы, «Big bubble» компаниясынан сабынды көпіршіктер шоуы; «Лимпопо» компаниясынан ғылыми шоуы; ағаш аяқты өнерпаздар мен сиқыршы Михаил Гутторов және «Город сказки» компаниясының VR-көзілдірік, сондай-ақ, тарихи образдардағы «Жанды мүсіндер» музей түніне мерекелік салтанат сыйлады.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ