Англияның Манчестер қаласындағы концерт залында болған жарылыстан кемінде 19 адам өліп, 50-ден аса кісі жараланды. Бұл туралы қала полициясына сілтеме жасап ВВС хабарлайды. Полиция шабуылды теракт ретінде бағалап отыр.
Дүйсенбі күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 22.35-те жүздеген адамның жарылысқа ұқсас дыбыстан кейін концерт залынан қашып жатқаны туралы ақпараттар шыға бастады. Бұл кезде Манчестер Арена залында америкалық әнші Ариана Гранденің концерті аяқталып жатқан болатын. Мәліметтер бойынша екі қатты гүрсіл естілген. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй сайлау кампаниясын тоқтатып, шабуылдың артында тұрған кімдер екенін анықтау мақсатында үкіметтің төтенше отырысынын өткізетінін мәлімедеді. «Бүкіл ойымыз құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы. Оқиғаның мән-жайын толықтай анықтау үшін жұмыс істейміз» деді ол.