• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Мамыр, 2017

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің соты басталды

125 рет
көрсетілді

Біраз уақыт бұрын импичмент бойынша қызметтен босатылған Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе бүгін сот залына әкелінді.

Бұл наурыз айында қызметтен кетіп, қамауға алынған саясаткердің содан бері алғаш рет жұрт алдына шығуы.

Оған сыбайлас жемқорлық жасады, мемлекеттік қызметті жеке мақсатына пайдаланды, мемлекеттік құпияны ашты деген айыптар тағылып отыр. Пак Кын Хе өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты.

Мәліметтер бойынша, экс-президент сыбайласы Чой Сун Сил екеуі елдің бірнеше компаниясын, соның ішінде Самсунгті бопсалап, ақша талап еткен. Чой ханым да бұрынғы президентпен бірге сотталу үстінде.

Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлық үшін кесілетін ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру.

(Фото Reuters агенттігінен)