• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Кен алыбында апат болды

257 рет
көрсетілді

Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің  жылу – энергетикалық орталығында болған жарылыстан екі  адам оқиға орнында ажал құшты, үш жұмысшыға медициналық көмек көрсетілуде. Апат жылу-энергетикалық орталықтың №1 қазандық цехындағы редукторлық-салқындату қондырғысының төменгі бөлігіндегі жарылыстан болған. Нәтижесінде   атқылаған бу күш алып кетіп, әкімшілік және тұрмыстық ғимаратқа өткен. Ондағы   жылу-энергетикалық орталығы  мен қарағандылық турбо-механикалық зауыты жұмысшылары тұрған жерге дейін жайылған. Ыстық будың құрсауында қалған жұмысшылар түрлі деңгейде жарақат алған. Оқиға орнына «ССКӨБ» АҚ қарасты Фабриканың өрт сөндіру қызметкерлері, Рудныйдағы әскерилендірілген тау-кен құтқару командасы шақырылған. Мамандар ЖЭО мен ҚТМЗ жұмысшыларын  қауіпті  аймақтан алып шықты. Қазір  оқиға орнында апаттың салдарын тексеру жұмыстары жүргізілуде. «ССКӨБ» АҚ, Еуразиялық Топ басшылары ЖЭО-ның қаза тапқан кеңсе сыпырушылары  Б.К.Базарбаева мен С.В.Щербакованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Компания тарапынан марқұмдардың отбасы алдындағы барлық міндеттемелер заң бойынша орындалатын болады. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан».