• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Англияда ойнаған футболшы «Қайратқа» ауысуы мүмкін

154 рет
көрсетілді

Лондонның «Арсенал» клубында өнер көрсеткен шабуылшы Маруан Шамах Қазақстанға ауысуы мүмкін, деп хабарлады sports.kz. Қазіргі уақытта «Кардифф Сити» сапында жүрген 32 жастағы ойыншы «Қайрат» клубына қызығушылық танытып жүр. Франциялық пен аталмыш клуб арасындағы келісімшарт 31 желтоқсан күні аяқталады, ал қысқы трансферлік уақытта еркін агент ретінде Алматының командасына ауысуы мүмкін. Айта кетейік, бұл маусымда Шамах бар болғаны үш матч өткізді. Бұған дейін «Бордо», «Арсенал», «Вест Хэм» және «Кристал Пэлас» сапында ойнаған.