• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Сатурнның жаңа суреттері алынды

490 рет
көрсетілді

"Кассини" ғаламшар станциясы жаңа орбитаға ауысқаннан кейінгі алғашқы суреттерін жіберді, деп хабарлайды НАСА. Бұл суретте Сатурн бетінде болған боран бейнеленген. Ендігі кезекте ғалымдар Сатурн ішінен өткен кездегі суреттерді алуды жоспарлап отыр.

Қараша айында Сатурнды зерттеу үшін "Кассини-Гюйгенс" атты ғылыми жоба қолға алынды. Ол 17-18 ғасырдағы танымал астроном - Жан-Доминик Кассини мен Христиан Гюйгенстің құрметіне аталған. Бір айта кетерлігі, Жерден Сатурнға жету үшін 7 жыл уақыт кеткен. Ал жалпы планетаны зерттеу 12 жылға созылып келеді. Алдағы айларда станция бірнеше рет орбитасы мен траекториясын ауыстырып, қауіпті әдістер қолданып көрмек.