Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі Горм Саид Малханды қабылдап, оның Қазақстандағы жемісті дипломатиялық миссиясы үшін алғыс айтты, – деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Бұл кезеңде екіжақты қатынастарды нығайту жөніндегі маңызды шаралар, оның ішінде Президент Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы қазан айында Сауд Арабиясына табысты сапары мен Сауд Арабиясы Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла Аль аш-Шейхтың Астанаға сапары жүзеге асырылған болатын.