• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2011

Салтанатты концертке қатысты

319 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан Республикасы Консти­ту­циясы күніне арналған сал­та­натты концертке қатысты, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің бас­пасөз қызметі. Концерт Тәуелсіздік сарай­ын­да өтті. Оған Қазақстанның белгілі өнер шеберлері – Тәттімбет атындағы халық аспаптары ака­демиялық оркестрінің музыканттары, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, халық әртісі Әлібек Дінішев және тағы басқалары қатысты.