• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Израиль Премьер-министрімен кездесті

190 рет
көрсетілді

Сенатта палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Астанаға алғаш рет келген Израиль мемлекетінің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Мейманмен кездесуде Қ.То­қаев Б.Нетаньяхудің Мем­ле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­пен келіссөздерінің қорытын­дылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін бере­тініне сенім білдірді. Қ.Тоқаевтың айтуынша, қа­­зақ­стандық парламентшілер Израиль Кнессетімен үнқа­ты­суды нығайтуға және өзара іс-қимылды өрістетуге сенім артады. Төраға 2008 жылы пар­ламенттік делегация басшы­сы ретінде еврей мемлекеті тә­уел­сіздігінің 60 жылдығына орай Израильге сапары туралы әңгі­меледі. Қ.Тоқаев мейманды Қа­зақ­станның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлімен танысты­ра отырып, Президент Н.Назарбаев­­тың бастамасымен жүр­­гі­­зілген институттық рефор­маларды заңнамалық тұрғыда қолдау туралы әңгі­меледі. Әңгіме барысында сая­си, эко­номикалық және гума­нитар­лық, сондай-ақ, халық­аралық және аймақтық қауіп­сіздік салаларындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Израиль үкіметінің басшысы Астанаға дәстүрлі Қа­зақ­стан-Израиль достық қаты­нас­тарын жаңа әрі жоғары дең­гейге шығару үшін келгенін атап өтті. Израиль жоғары тех­но­ло­гиялармен бөлісуге жә­не Қа­зақстанға инвестиция­лар­мен жәрдемдесуге дайын. Б.Не­танья­худың пікірінше, екі мем­лекет еркін сауда, тікелей әуе қатынастарын қалыптас­тыру және бірлескен бизнес-жо­баларға жан-жақты көмектесу туралы уағдаласуы керек.