• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Құттықтауларда – ізгі тілектер

269 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Германия Федеративтік Рес­пуб­ликасының Президенті Йоахим Гаук өз құттықтауында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен. – Көпұлтты Қазақстан қоға­мын­дағы бейбітшілік пен келісім елдеріңіздің өркендеуіне қолайлы жағдай туғызып отыр. Германия Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді және демократия мен заңның үстемдігі жөніндегі саяси үнқатысуды жалғастыруға ниетті, – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе республикамыздың азаматтарын құттықтап, екі ел халқының достығы одан әрі нығая беруіне тілектестік білдірді. – Қазақстан Президентінің өт­кен айдағы мемлекеттік сапа­ры елдеріміз арасындағы осы жылдарда үздіксіз дамып келе жатқан стратегиялық әріптестіктің одан әрі нығая түсуіне септігін тигізді деп ойлаймын. Қазақстан Республикасына баянды ғұмыр мен бақ-береке тілеймін, – делінген құттықтау жеделхатында.