• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Астана әкімдігі көктайғақтан абай болуға шақырды

91 рет
көрсетілді

Аяз күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал. Кешеден бері коммуналдық қызметтер көшелерді қардан тазартуда. Қазіргі кезде 500 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Саябақтар мен тротуарларға көктайғақты болдырмау үшін реагент пен құм-тұз қоспасы себілді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Синоптиктердің болжамынша, ертең көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынды (қар жаууы ықтимал), бұрқасын, көктайғақ болады. Мектептерге, ауруханаларға, емханаларға ерекше назар аударылады. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, елорда әкімдігі барлық қала тұрғындары мен қонақтарын, әсіресе балаларды абай болуға шақырады.