• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 21 мың маңғыстаулық сыйақы алады

245 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Маңғыстау облысының барлық санаттағы мүгедектеріне бес АЕК (10 605 теңге) төленеді.  Дәл осы мақсатта бюджеттен 230 миллион теңге бөлу қарастырылған. Бұл туралы Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова хабарлады, деп жазады lada.kz.

Маңғыстау облысында 21 мыңнан астам барлық санаттағы мүгедектер төлемақыға ие болады. «Екінші деңгейлі банктердің карта-шоттарына ақша аудару басталды. Көмек алатындардың қатарында республикалық және облыстық маңызы бар зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және мүгедек интернационалист-жауынгерлер де бар», – деді Г.Қалмұратова. Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыста берілетін төлемнің аздығына қарамастан, бір реттік көмектің жыл сайын бес мерекеге орай тұрақты беріліп келе жатқанын атап өтті. «Төлемақы мөлшері аудандар мен қалаларда бірдей, 2017 жылға да бекітілген. Бюджетте қосымша материалдық көмек үшін бір жарым миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаржы әлеуметтік пакетті құрайды және бұл қаражат мұқтаж жандарға көмек болады деп үміттенеміз», – деді Г.Қалмұратова.